Бұл ақпаратты ЛГБТ құқықтарын қорғаумен айналысатын халықаралық Medea ұйымы жариялады.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, Томирис Тбилисидегі квир-сахнаның «ең көзге түсер тұлғаларының бірі» болған.
«Ол адамдарды байланыстыра алатын ерекше қасиетке ие еді. Дәл осы энергиясының арқасында Грузия мен Қазақстаннан барған қауымдастық мүшелерінің арасында жылы қарым-қатынас орнады», –
делінген ұйым жариялаған хабарламада.
Medea өкілдері Грузияда да, Қазақстанда да трансгендер адамдарға қатысты жүйелі немқұрайлылық пен олардың негізгі құқықтарының сақталмауы әлі де күрделі мәселе болып тұрғанын атап өтті.
«Көп жағдайда адамдарды елден кетуге мәжбүрлейді, алайда олар көші-қон кезінде де зорлық-зомбылыққа, дискриминацияға және ұйымдық немқұрайлылыққа тап болады», –
деді ұйым.
Марқұмның өліміне қатысты нақты себеп әзірге анықталған жоқ.
Фото: Instagram