Елена Рыбакина жаңартылған WTA рейтингіндегі орнын білді

Әйелдер теннисі қауымдастығы Мадридтегі WTA 1000 турнирі аяқталғаннан кейін рейтингті жаңартты. Оның нәтижелері бойынша Қазақстанның үздік теннисшісі беларусьтік Арина Соболенконы қуып жетуге ұмтылысын жалғастырып келеді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 04 мая 2026, 10:45
Елена Рыбакина
Instagram: @lenarybakina

Sportarena.kz жазғандай, Елена Рыбакина рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды (8555 ұпай).

Беларусь өкілі Арина Соболенконың еншісінде қазір 10110 ұпай бар. Үшінші орынға польшалық Ига Швёнтек жайғасты (6948 ұпай). Төртінші орында АҚШ спортшысы Коко Гауфф (6749 ұпай).

Мадрид турнирінің 1/8 финалында Рыбакинаны жеңген Анастасия Потапова 18 сатыға жоғарылап, 38-орынға көтерілді (1355 ұпай).

Ал Мадридтегі «мыңдық» турнирдің жеңімпазы, украиналық Марта Костюк сегіз позицияға жоғарылап, 15-орынға жайғасты (2507 ұпай). Финалда одан жеңілген ресейлік Мирра Андреева сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді (4181 ұпай).


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше