«Джей Ло-дан қалыспаймыз»: Нұрбуллин мен Say Mo-ның биі әлеуметтік желіде талқыланды

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин мен Say Mo Almaty Arena сахнасында көрерменді тәнті етті. Олардың биі желіде қызу талқыланды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 25 сентября 2025, 11:01
Нұрбуллин Say Mo
Instagram: @nurbullin

Әртістердің бірлесіп өнер көрсеткен бейнежазбасы Instagram-да жарияланды. Нұрболаттың жеке концертіне арнайы шақырылған қонақтардың бірі – Say Mo болды.

Сахнада Нұрболат өзінің хит әні «Сен қорқақсың»-ды орындап жатқанда, Say Mo жарқын биімен көрерменді қуантты. Әншіге ілесе, Нұрбуллин де сахнада би қимылдарын көрсетті.

Бұл нөмір кешке жиналған тыңдарманды да, әлеуметтік желі қолданушыларын да қуантты. Шоу-бизнес өкілдері мен әншінің оқырмандары бұл дуэтті қызу талқылады.

«Ең үздік фит», «Джей Ло-дан қалыспаймыз», «Өте керемет, биіңіз жарасымды, энергия тасып тұр», «Шоу деген осы!», «Say Mo-ға бәрі жарасады», – деп жазды желі қолданушылары.

Дегенмен, кейбіреуіне бұл қылықтары ұнамай қалған сияқты.

«Бір Нұрболаттың өзі жеткілікті еді», «Бір-біріне мүлде үйлеспейді, тыңдармандары да бөлек», «Шынымды айтсам, бұл жерде орынсыз болды», – деген пікірлер де айтылды.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше