Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында Қазақстан әнұранын бірге айтуға шақырды

5 қазан күні Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden алаңында Stranger атты жеке концертін өткізеді. Әнші осы кеште Қазақстанның мемлекеттік әнұранын тыңдармандарымен бірге орындамақ.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 03 октября 2025, 13:12
Димаш Құдайберген
Instagram: @kudaibergenov.dimash

Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлап, алдағы концерт жайлы ресми мәлімдеме жасады.

«Құрметті достар! 5 қазанда Madison Square Garden сахнасында біз бүкіл әлем алдында Қазақстанды таныстырамыз. Бұл ерекше кеште мен сіздерді менімен бірге Отанымыздың әнұранын айтуға шақырамын. Мен үшін сіздер жай ғана көрермен емессіздер, сіздер – Қазақстанның жақын достарысыздар. Әнұран Американың жүрегінде біздің мақтанышымыздың, халықтар достығы мен бірлігіміздің нышаны болып шырқалсын», –

деді Димаш өз жазбасында.

Әншінің жазбасында Қазақстанның мемлекеттік әнұранының қайырмасы да келтірілген.

Айта кетейік, биыл мамыр айында Димаш Құдайбергеннің қазан айында Нью-Йорктегі аңызға айналған Madison Square Garden сахнасында жеке концерт беретіндігі белгілі болған еді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше