Сондай-ақ, спортшы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Кезекті ойында Асаубаева ресейлік шахматшы Полина Шуваловамен кездесіп, бірінші айналымдағы жеңілісінің қарымтасын қайтарды. Бибісара қарсыласын 3:0 есебімен жеңді.
Бұл — шахматшының биылғы турнирдегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін ол бірнеше ойында тең түсіп, жеңіліске де ұшыраған еді.
Ал Бибісара өнер көрсететін FYERS American Gambits командасы Ganges Grandmasters командасын 13:5 есебімен ойсырата жеңді.
Матч қорытындысы бойынша FYERS American Gambits командасы қазақстандық шахматшыны кездесудің үздік ойыншысы деп таныды.
Фото: Instagram