Нағыз мерекелік көңіл-күйді сезінгің келсе, Ayau-дың жаңа әнін тыңда. «Закрытай клуб» лейблының әртісі қазақ тілінде жазылған жаңа жылдық туындысын жарыққа шығарды. Тректің атауы — JANA JYL.
Ayau бұл туынды арқылы отандық сахнаға ерекше атмосфера сыйлап, мерекелік музыканың аясын кеңейтуді мақсат еткен.
Айта кетейік, Ayau соңғы жылдары өзіндік стилі мен батыл музыкалық ізденістері арқылы қазақстандық поп-сахнада ерекше орын алып келеді. Оның жаңа жылдық әні алдағы мерекелік плейлистердің ажырамас бөлігіне айналуы мүмкін.
Фото: Ayau/ «Закрытый клуб»