«Аталар бізді қолдайды»: «КешYou» тобы «Қайрат – Реал» кездесуіне арнап жаңа ән шығарды

Қазақ эстранасындағы танымал «КешYou» тобы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын қарсаңында жаңа әннің тұсауын кесті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 30 сентября 2025, 14:10
КешYou «Қайрат – Реал»
Instagram: @keshyou_official

Әншілер өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында бейнебаянды жариялаған. Клипте топ мүшелері «Қайрат» футбол клубының киіміне ұқсас түстегі образда бой көрсетіп, жасыл алаңда ән орындады.

Жаңа туындының негізгі идеясы – «Қайрат» футболшыларына сенім білдіру және олардың жеңісіне қолдау көрсету.

Айта кетсек, 28-інен 29-ына қараған түні Алматыға «Реал Мадрид» клубының ойыншылары келген болатын. Испаниялық қонақтарды қазақы қонақжайлылықпен қарсы алып, жылы лебіз бен ықылас көрсетілді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше