«9 ай үнсіздік»: сот үкімінен кейін Жанабыловтар алғаш рет желіге шықты

Белгілі блогер жұп Ерболат пен Эльмира Жанабыловтар сот үкімінен кейін алғаш рет Instagram парақшасында бірлескен жазба жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 26 мая 2026, 13:42
Жанабыловтар
Instagram: @zhanabylov_e

«9 ай үнсіздік. Әлеуметтік желіден тыс өткен 4 ай. Осы уақыт ішінде талай нәрсе болды — сот процестері, уайым, отбасы болып еңсерген күрделі кезеңдер. Бірақ бүгін біз қайта оралып жатырмыз. Жаңа күшпен, жаңаша көзқараспен және осы уақыт бойы хабарласып, күткен, қолдау білдіріп, теріс айналмаған әр адамға деген шексіз алғысымызбен оралып отырмыз. Сіздердің қолдауларыңыз бізге шынымен де жігер берді. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет», —

делінген блогерлердің бірлескен жазбасында.

Отбасылық жылы атмосферада, дастархан басында түсірілген бейнежазба бірден көп лайк пен пікір жинады.

«Сіздерді күттік», «Қош келдіңіздер», «Оралуларыңмен!», «Ең қиын сәттерде жанында тек ең жақын адамдары ғана қалады», «Ендігі өмірлеріңізде осындай қуанышты сәттеріңіз көп болсын!», — деп пікір қалдырды Жанабыловтардың оқырмандары мен қолдау білдірген қазақстандықтар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше