Instagram: @mussilim
Қазақстандық актер, отандық фильмдердің жұлдызы Тәуекел Мүсілім жұбайы мен балаларымен бірге серуендеп жүрген әсерлі видеосымен әлеуметтік желіде бөлісті.
Бейнежазбада Тәуекел мен Махаббат үш ұлымен бірге қала ішінде серуендеп жүр. Жыл басында ерлі-зайыптылардың үшінші ұлы дүниеге келген болатын. Олар бірге бақытты екенін жасырмайды.
«Қазіргі заманның ең үлкен мақтанышы — берік отбасы екен»,
деп жазды ерлі-зайыптылар.
Жылы көріністер желі қолданушыларын ерекше әсерге бөлеп, олар Тәуекел мен Махаббатқа махаббат пен баянды бақыт тіледі.
«Неткен көрікті жұп. Махаббаттың үш баланың анасы екені білінбейді де», «Көргенде сондай бір қуаныш сыйлайды. Отбасы бақытын тілеймін», «Көркем де жарасымды отбасы. Бақыт үнемі жандарыңызда болсын!», — деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram