«Ұлым екеумізге аутизм диагнозы қойылды»: Актер Азиз Бейшеналиев өз ерекшелігі жайлы айтты

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:29

Instagram: @azizbeishenaliyev

Мұстафа Шоқай рөлімен танымалдылыққа ие болған актер Азиз Бейшеналиев денсаулығына қатысты таңқаларлық ақпарат бөлісті.

Бейшеналиев журналист Тимур Балымбетовтің YouTube арнасына сұхбат берді. Онда ол өз диагнозы жайлы алғаш рет айтты.

«Психиатрияда бұл мимикриялық аутизм деп аталады. Адамда диагноз белгісі бар, бірақ басқа адамдардан ерекшеленбейді. Тек іштей өз әлемдерінде өмір сүреді»,

деді актер.

Тимур ұлы екеуінің байланыстары ерекше екенін және оның әр қимылын түсініп отыратынын жеткізді.

«Ұлым екеумізге аутизм диагнозы қойылды. Мұны алғаш рет естігенде мен көп нәрсені түсіндім. Өмір сүруім жеңілдеді. Диагноз 46 жасымда қойылды, оған дейін білмедім. Кеңес заманында мұндай диагностика жасалмайтын. Мен осыдан кейін бұл мамандықты не үшін таңағанымды түсіндім. Киноға түсу бір терапия секілді.  Ішкі жан дүниемді түсіну үшін бейсаналы түрде актер мамандығын таңдаппын. Бірақ, ұлыма қиындау болып тұр. Қоршаған ортамен байланысқа түскенде қиналатынын байқаймын»,

деп бөлісті Азиз Бейшеналиев.

Фото: Instagram

Дереккөз: «Timur Balymbetov» YouTube арнасы

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше