Instagram: @karlygashmuhamedzhanova
Отандық фильмдердің жұлдызы, танымал актриса Карлығаш Мұхамеджанова туған күнін жақын құрбыларымен бірге атап өтті.
Маңызды кешке актриса ашық лимон түсті, иығы ашық қысқа көйлек пен платформалы қара аяқ киім таңдады. Жеңіл бет бояуы мен толқынды шаш туған күн иесінің образын толықтырды.
Карлығаш туған күн кешін Айнұр Ілиясова, Әсел Сағатова сынды жұлдызды құрбыларымен және басқа да танымал тұлғалармен бірге өткізді.

Instagram/stories: @asselsagatova

Instagram/stories: @ainur_ilyasova
Әдемі табиғат көрінісі, мейірімге толы сәттер, дәмді дастархан, жарқын күлкі мен түрлі-түсті сәнді киімдер — актрисаның кеші жарқын өтті.
Туған күн кешінен естелік кадрлармен әлеуметтік желіде Айнұр Ілиясова мен Әсел Сағатова бөлісті. Қарлығаш лимон пішініндегі десерт үстіндегі шамды үрлеп, көпшілікпен бірге естелік суретке түсті.
Фото: Instagram