Instagram: @bidash_official
Отандық әнші Балжан Бидаш өткенін еске алып, қазіргі еркіндігін аңсағанын айтты. Ару журналист Айкерім Есенәліге сұқбат берді.
«Бала күнімнен еркін өстім. Ата-анам мен екі ағамның ортасында еркелеп өстім. Үлкен өмірге қадам басқанда жаныңдағы адам сенің өміріңе билік құруға құқығы жоқ. Ата-анам үміт күтіп отырған кезде, олардың сенімін ақтауым керек. Өзіме ұнайтын өмірді сүргім келді. Үйдің терезесінен көшедегі әйелдерге қарап, қызыққан кезім де болды. Еркін жүретін әйелдерге қызықтым. «Қандай бақытты, еркін кетіп бара жатыр» деп ойладым. Сол сәттерді есіме түсіріп, осы өміріме шүкір айтамын. Шынында, еркіндікті қаладым»,
деді Балжан.
Сонымен қатар, Балжан әлі күнге дейін шынайы ғашық болып көрмегенін айтты. Ол болашақ жарына қоятын талаптары туралы да бөлісті.
«Қазір заң жүзінде «Қашан тұрмысқа шығасың?« деп сұрақ қоюға болмайды. Осы уақытқа дейін өзім де қатты ғашық болып көрмедім. Шын сүйе алмадым. Қазір ер-азаматтарға талап қоямын. Психологиялық жарақаты аз жігіт болса екен. Ата-енемен тұруды да уақытында көрерміз. Жігітке қоятын талабым көп емес. Оқыған, көзі ашық азамат болса, көрегендігі болса араласуға болады. Өнерді сыйласа екен. Менің бірінші жанкүйерім болуы керек. Жасқа қатысты талап жоқ»,
деп бөлісті әнші.
Фото: Instagram
Дереккөз: «AiKerim Yessenali» YouTube арнасы