Димаштың қарындасы болашақ дәрігер: Раушан Құдайберген диплом алды

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:29

Instagram: @sveta_aitbaeva73

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан медицина саласындағы білімін сәтті аяқтап, Астана медицина университетінен дәрігер мамандығы бойынша диплом алды.

Қуанышты жаңалықты Раушанның анасы Света Айтбаева өз Instagram парақшасында бөлісті.

«Ақ Рәшөніміз дипломын алып, қуанып тұрмыз. Еліңе қызмет етіп, халқыңның жанына араша болар білікті дәрігер бол, ботам!»,

деп жазды Раушанның анасы.

Әкесі Қанат Айтбаев та әлеуметтік желіде сурет жариялап, қызына ақ жол тіледі.

Желі қолданушылары Құдайбергеновтер отбасын қуанышымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Құтты болсын! Жемісін көрсін! Адал дәрігер бол!», «Раушан ханым, дәрігер атануыңызбен , адамдардың алғысына бөленуіңізді келешекте тілеймін», «Құтты болсын, еңбекте мол табыс тілейміз. Жақсы, білікті маман болсын!», «Сұлу Раушан қызымыз дипломың құтты болсын! Алға қойған барлық армандарың орындала берсін!», – деген тілектер жазылды желіде.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше