«Жұмбақ бақ»: ELLE Kazakhstan-ның күзгі санына арналған шабыттандыратын эксклюзивті диджитал түсірілім

Күз мұндай жарқын кейіпте бұрын-соңды көрінбеген.

от Арайлым Ақан
23 сентября 2026
ELLE Kazakhstan журналының күзгі санына арналған диджитал мұқабалар
Фото: Данил Ярощук

ELLE Kazakhstan журналының жаңа саны «Өзіңе сен» атты шабыттандырушы ұранмен жарық көрді — бұл басылымның басты эмоционалдық өзегіне айналды. Мұқабада — үлкен сұхбатында әйелдер көшбасшылығы, «ұят» ұғымы және жеке бостандық туралы ой қозғайтын әнші, актриса әрі режиссер Ян Гэ.

Сән бөлімінде құрбылармен талқылауға тұрарлық бірнеше қызықты тақырып бар. Солардың ішінде Демна Гвасалияның Gucci-дің өрлеу дәуірін қалай қайта тірілтіп жатқаны жөніндегі материал, сондай-ақ ностальгия, мұра мен эксцентрика заманауи визуалды тілде тоғысатын әсерлі fashion-story топтамалары бар. Олардың арасында метафораға толы Aqamanat хикаясы, поэтикалық Secret Garden және рококо, панк пен бүлікшіл шик үйлескен Peaceful Protest жобалары ерекше көзге түседі.

Сұлулық бөлімі нәзік те, сонымен бірге барынша практикалық болып шықты. Онда Young & Beautiful бьюти-хикаясы, шашқа арналған ең өзекті күтім түрлері — жеңіл спрей-мистерлерден бастап жібек вуальдарға дейін, 30 жастан кейінгі тері күтіміне қатысты сарапшылардың кеңестері және айдың басты жаңалығы — Chanel-дің Coco Mademoiselle хош иісінің жаңа интерпретациясы қамтылған. Бұл — шабыттың бірден нақты бьюти-шешімдерге ұласатын сәті.

Бұдан бөлек, журнал беттерінен көркем гимнастиканың супержұлдызы Ақмарал Ерекешевамен сұхбатты, Cartier мен Chopard-тың жаңа жауһарларына арналған зергерлік әңгімелерді және күзгі саяхат бағыттарын таба аласыз. Бали мен Мальдив аралдары, қыркүйектің жұмсақ шуағы, сән, сұлулық және өз таңдауын жасай білетін әйелдер — жаңа ELLE Kazakhstan дәл осындай: әдемі, дөп түскен әрі өте уақытылы шыққан туынды болды.


Фото: Данил Ярощук @yaroshuk

Стиль: Chingiz Eskali @chingizeskali

Продюсер: Дінмұхаммед Керімов @kerimov199

Шаш үлгісі: Alikhan Nildibay Aidaruly @atamas_hair

Макияж: Vladimir Atamas @atamas_hair

Фотосуретшінің көмекшісі: Данила Ребро @rebrodanila

Стилистің көмекшісі: Әлихан Әлмағанбет

Модельдер: Марика, Ангелина @cassismodelmgmt

Орын: «Садовая Рапсодия» бақ орталығы @sadovaya_rapsodiya_event

Барлық киімдерді Este @este_almaty шоурумы ұсынды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше