Сабина матчқа құрбысымен барған.
«Ұят та болса да айтайын. Футболда бүгін барлығы ұнады. Тек бір нәрсе ұнаған жоқ. Қаншама адам, қаншама ерекектер. Матчтарға ылғи ініммен баратынмын. Бірақ бұл жолы құрбыммен бардым. Содан кейін бір қолдар пайда болды. Ашығын айтатын болсам, біреулер бөксемді ұстап кетіп жатты. Мен барлығы сияқты киініп бардым, тырысып тұрған киімде болған жоқпын», –
деді блогер.
Айтуынша, тек өзіне ғана емес, жанындағы құрбысына да бейтаныс адамдар қол жүгірткен.
«Артыма қарасам, қазақтар. Құрбыма сыбырлап айтсам, оған да дәл солай жасаған. Біз шетелдіктерден қорқып жүрміз, бізді қазақтар қорғай ма десек... Сонда бізді кім қорғайды?! Қолымнан келгенше тезірек шығып кетуге тырыстым», –
деп бөлісті Сабина Мовлаева.
Фото: Instagram