
Instagram: @haileybieber
Жидек түсті бұл макияж бетіңді сергітеді және талғампаз етеді. Қайталап көр!
Хейли Бибер кейде осылай жанкүйерлерін бояну сабақтарымен қуантады. Ол күн сайын қалай бетін әрлейтінін, қызыл кілемге шықпас бұрын қандай макияж жасайтынын көрсетеді.
Арудың барлық дерлік бет бояу түрлері әлеуметтік желілерде таралады, сондықтан олардың жасалу процесін көру және қайталау өте қызық болады.
Осы жолы Хейли жидек түсті жарқын және минималистік көктемгі бояу түрін көрсетті, бұл романтикалық кездесулер үшін өте қолайлы.
Әдеттегідей, Хейли макияжды бет терісін ылғалдандырудан бастайды. Сен өзіңнің сүйікті креміңді немесе күннен қорғайтын өнімді қолдансаң болады, өйткені ыстық мезгіл келе жатыр. Содан кейін ол терінің өңін жеңіл тинтпен тегістейді. Бұл тоналды кремге қарағанда табиғи көрінеді. Ол кемшіліктерді консилермен жасырады. Содан кейін Хейли контурға көшеді. Оның сүйікті әдісі — қабақтары мен маңдай тұстарын мүсіндеу. Бұл жеңіл лифтинг әсерін тудырады, сондықтан осы әдісті қолдануға кеңес береді.
Макияждың келесі қадамы – бронзер. Онымен бет балғын көрінеді. Содан кейін Хейли қызғылт түсті бет қызартқыш өнімді қолданады. Мұндай түстер тым ашық болып көрінеді, бірақ теріні табиғи етеді.
Хейли сепкілдерді салған кезде, крем жасырған меңдерін де көрсетіп қояды. Содан кейін ол кірпіктерін бояйды, қастарын тарайды, көзіне жіңішке сызықтар салады және ернін қоңыр қарындашпен және бетіне де жаққан кремді қызғылт өніммен ерекшелейді.
Фото: Instagram
Дереккөз: TheGirl