Жазғы гардеробтың 3 musthave заты
Фото: @endlesslyloveclub

Кез келген аутфитті ескірмейтін етудің ең оңай жолы.

Бәрі қарапайым: күрделі бейнені жасауға көп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Кейде шынымен керемет және қызықты көріністер жасау үшін бір ғана жарқын деталь немесе бірнеше ескірмейтін опциялар жеткілікті. Біз саған кез-келген жазғы аутфитке көрік беретін нәрселерді айтамыз.

Ретро-көзілдірік

Ретро трендтердің қайта оралуының арқасында аксессуарлар топтамасын күн сайын кигің келетін көзілдіріктермен толықтырған жөн. Классикалық вайфарерлер, жарқын жақтаулары бар сопақша, ректангль және басқа да модельдер, тіпті ең қарапайым аутфитті жарқын етеді. 

Зығыр жейде

Алдағы ыстықтың басты мастхэві — зығыр. Табиғи зығырдан жасалған заттар денеге жағымды, олар гипоаллергенді, жеңіл және берік. Әр түрлі модельдер мен комбинациялардың ішінен — жазғы гардеробтың ең классикалық элементі — бұл, әрине, зығыр жейде.

Жаздық жеңіл аяқ-киім

Жаздың ыстық күндерінде күнделікті кию үшін жұқа белдіктері бар жеңіл аяқ-киімге назар аударуды ұсынамыз. Ең талғампаз нұсқаның бірі — kitten-heel. Олар жеңіл көйлектерге немесе макси белдемшелерге, сонымен қатар, ең қарапайым кең джинс шалбарларына талғампаздық қосады.


Фото: Instagram

Поделиться: