Алғашқы жаттығудан кейін дене бітімің бірден әдемі болып көрінеді деп күтуге болмайды.

Бірақ, белсенді болсаң да, салмақ өсе беретінін елемеу мүмкін емес. Бұл мәселе бірнеше жағдайда пайда болуы мүмкін.

Сен ағзаға қажет мөлшерден көп калория тұтынасың

Мүмкін сен жаттығуды бастаған кезде тәбеттіңнің артқанын байқадың. Бұл қалыпты жағдай: дене әдеттен тыс калорияларды кетіріп, олардың жетіспеушілігін толтыруға тырысады. Егер сен инстинкттерге берілсең, артық салмақ жинайсың.

Сен калория санына қатты мән бермеуің керек, бірақ егер жаттығу басталғаннан кейін салмақ қоса бастасаң, күнделік жүргізіп, бәрін жаз. Сенің проблемаңның бар-жоғын білу үшін жеген және кеткен калориялардың санын есепте.

Сен зиянды тағамдарды жиі тұтынасың

Азық-түлік және спорт дүкендерінде өндірушілер пайдалы және сау деп атайтын әртүрлі өнімдер бар. Олардың құрамында қант жоқ деп жазады, бірақ өндіріс үшін сахароза мен қанық майлар қолданылады. Сондықтан аталмыш өнімдерді жиі жемеуің керек. Оларды толыққанды тамақпен алмастыруға тырыс.

Күні бойы жігерлі болу үшін ішуге болатын энергетикалық сусындарға да қатысты. Көптеген энергетиктерде кофеин ғана емес, қант та көп. Егер сен ол сусындарды үнемі ішсең, артық салмақпен бірге бүйрек, жүрек-тамыр жүйесі және асқазан-ішек жолдары проблемалары пайда болады.

Сен жеткілікті мөлшерде су ішпейсің

Біздің денеміз суға деген қажеттілікті аштық сезімімен оңай шатастырады. Сондықтан, егер сен жеткілікті сұйықтық ішпесең, шамадан тыс тамақтануға бейім болуың мүмкін. Жаттығу басталған кезде мәселе күшейеді, өйткені физикалық белсенділік кезінде біз терлейміз және денеге қосымша ылғалдандыру қажет.

Күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішуге тырыс. Ылғалдандыруды сақтау үшін диетаға электролиттерге бай тағамдарды — кальций, фосфор, магний, калий қосу керек.

Артық салмақ
Pexels: Arnie Watkins

Жаттығу — бұл сенің жалғыз белсенділігің

Егер сен жаттығу залына жазылуға немесе кешке жүгіруге уақыт бөлсең, бұл өте жақсы. Бірақ, күні бойы отырсаң немесе қолыңда телефонмен жатсаң, бір сағаттық белсенділік пайдалы болады деп ойлама.

Салмақты жоғалту үшін күні бойы белсенді болуың керек. Үй жұмысын өзің жаса, баспалдақпен жүр, жаяу серуенде: денеңді жақсы күйде ұстау және калорияларды жою үшін бәрін жаса.

Сен тек кардио жасайсың

Әрине, кардио жаттығуларынан пайда алуға болады, бірақ бұл олармен шектелуге себеп емес. Кардио инсулин мен кортизол секрециясын жоғарылатады. Сол себепті денсаулыққа байланысты проблемалар туындауы мүмкін, соның ішінде май қабаты ұлғаяды және метаболизм төмендейді.

Қиындықтарды болдырмау үшін жаттығулардың әртүрлі түрлерін жаса. Мысалы, 3-2-8 әдісін қолданып көп. Оның мәні — апта бойы күніне кем дегенде 8000 қадам жасау, кезекпен күш жаттығуларын орындау және пилатеспен айналысу.


Фото: Pexels

Поделиться: