Жұлдыз жорамалға сәйкес үйлену той күнің қашан болады?
Unsplash: Filipp Romanovski

Ақ көйлек, қолында гүл шоғы және фата — әрбір қыз үйлену күнін армандайды. Бірақ, ол қашан келеді? Бұл сұраққа жұлдыз жорамал жауап бере алады.

Тоқты 

Өзін-өзі қамтамасыз ете алатын тоқтыға саусаққа сақина тағу қиынға соғуы мүмкін. Бірақ, тіпті бұл белгінің өмір бойы жалғыз болғысы келмейтіні анық. 30-дан асқан тоқтылар да үйленуге дайын.

Торпақ 

Торпақтар өздеріне қорған мен қолдау іздейді. Табиғатына байланысты олар барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз жұптарын ұзақ күтуге дайын. Олар әдетте махаббатарын 20 жастан кейін кездестіреді.

Егіздер

Егіздер құбылмалы болып саналады. Олар қарым-қатынаста махаббаттан басы айналып және бір секундтан кейін күмән келтіруі мүмкін. Белгі өкілдеріне 30 жастан кейін үйленуге ештеңе кедергі болмайды.

Шаян

Шаяндар — романтиканың нағыз патшалары. Бұл жұлдыз жорамал белгісінің өкілдері әрқашан тұрақтылыққа, жақындыққа және қауіпсіздікке ұмтылады. Олар жұбын жолықтырғанда, оны сөзсіз сүйіспеншілікпен және адалдықпен баурап, 25 жасында «ИӘ» деп айтуға дайын.  

Арыстан

Арыстандар энергияға толы және қызықты оқиғағаларды қалайды. Бұл қарым-қатынаста да көрінеді, сондықтан олар үйлену тойына асықпайды. Бірақ неке қиғаннан кейін олар сенімді және адал жұбай бола алады.

Бикеш

Бикештер өз өмірлерін қатаң жоспар бойынша құрады, оның алғашқы нүктелерінің бірі әдетте тұрмысқа шығу болып табылады. Алайда, егер бұл белгі өкілдері кейде демалып, ағынмен жүруді үйренсе жақсы болар еді. Бикештердің  үйленуге ең қолайлы жасы — 28 жастан кейін.

Таразы

Таразы асығыс және импульсивті, сонымен бірге олар әрқашан үйлесімділікке ұмтылады. Бұл белгі өкілдері өз адамын жолықтырған бойда, үйленуге дайын. Бұл әдетте 25 жасқа дейін болады.

Жұлдыз жорамалға сәйкес үйлену той күнің қашан болады?
Unsplash: Filipp Romanovski
Сарышаян

Сарышаяндар өте тез шешім қабылдап, тез ойынан айнып қалуы мүмкін. Бұл қасиет ерте некеге деген құштарлықты бұзуы ықтимал. Сарышаяндар үшін қолайлы жас — 30-40. 

Мерген

Мергендерге байыпты қарым-қатынасқа түсу қиын. Жұптарынан керегі тек флирт жасау және бүкіл әлем бойынша бірге саяхаттау. Ұзақ мерзімді қарым-қатынас пен отбасылық өмір оларға ауыр болып көрінеді. Сондықтан, олардан 35 жасқа дейін ұсыныс күтпе.

Тауешкі

Тауешкілер не қалайтынын нақты біледі. Бұл тек мансапқа ғана емес, отбасын жоспарлауға да қатысты. Жауапкершілік пен ұтымдылықтың дамыған сезімінің арқасында олар 20 жасында некеге тұруға дайын.  

Суқұйғыш

Суқұйғыштар өз бостандығын жақсы көреді және оған өте мұқтаж. Олар өздерін қарым-қатынастан тыс, мысалы, шығармашылық жобаларда немесе саяхаттарда дамытуды жөн көреді. Сондықтан, бәрі тек олардың жұптарына байланысты.

Балықтар

Балықтар — ең керемет романтиктер! Олар жалғыз қалуды ұнатпайды, сондықтан жұптарымен көптеген бітімге келуге дайын. 26 жасқа қарай балықтардың көпшілігі ғашық болып қалады және отбасын құруға дайын.


Поделиться: