Қазақстандық театр және кино актрисасы Жұлдыз Абдукаримова ауруханадан шыққаннан кейін төрт баласымен Бурабай табиғатының сұлулығын тамашалауға аттанды.

Жұлдыз балалардан алыс, стационарда біраз уақыт өткізді. Үйге оралғанда Қайрат Нұртастың жұбайы ұлдары мен қыздарын қуантқысы келді — осылайша оларды Бурабайға апаруды шешті. Instagram-да жарияланған видеода отбасы өте көңілді уақыт өткізетінін көруге болады — олар жергілікті көрікті жерлерді аралап, садақ атып, атқа мінді. 

«Екі жұма клиникада ем алып жатқанда осыны ойладым. Шыққан бойда балаларымды құшақтап, Бурабайға кетемін дедім. Үйде оларға бас-көз болып отырған әпкеме бұл ойымды айтқанда, бірден қолдай кетті.

Қаудаланған жұмысты да, жауапсыз қалған қоңырауларды да, бәрін-бәрін шегеріп тастап, жолға шығып кеттік. Тыныштығым осы ма дерсіз?! Балаларымның күлкісі, сұлу табиғат, жылқы, тау мен тас, ну орман, өзен-көлдер… Дауасы осы екен ғой»,

деп жазды Жұлдыз.

Фото: Instagram

Поделиться: