Жаныңдағы ер адамның жалқау екенін көрсететін 5 белгі

Жалқау ер адаммен қарым-қатынас, ол қаншалықты сүйкімді әрі мейірімді болса да, моральдық әрі физикалық тұрғыдан қажытады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 16 февраля 2026, 12:57
жалқау ер адам
Pexels: Ron Lach

Болашағы бұлыңғыр қарым-қатынасқа өміріңнің жылдарын сарп етпеу үшін жалқаулықтың белгілерін дер кезінде байқап, өзіңе маңызды сұраққа шынайы жауап беру қажет: сен бұған төзуге дайынсың ба? Төменде мәселенің расында бар екенін аңғартатын белгілер мен әрекет етуге қатысты кеңестер берілген.

1. Ол маңызды істерді үнемі кейінге қалдырады

Егер ер адам қарапайым тапсырмаларды орындауды нақты себепсіз соза берсе, бұл оның созылмалы кейінге шегеру әдетіне бейім екенін көрсетеді. Ол күш салуды талап ететін істен гөрі жеңіл жолды таңдайды. Мұндай адаммен қарым-қатынас саған оңай болмайды, өйткені ортақ өмірге қатысты жауапкершіліктің басым бөлігі сенің мойныңа түсуі мүмкін.

2. Ол өз еркімен ештене бастамайды

Жалқау ер адам сирек ұсыныс айтады және көбіне еске салмайынша іске кіріспейді. Ол белсенді көшбасшыдан гөрі баяу қатысушыға көбірек ұқсайды. Кездесуді жоспарлау болсын, үй шаруасына көмектесу болсын — көбіне шетте қалғанды жөн көреді. Жақындарын қуантуға, таңғалдыруға ұмтылмауы оның абыройын арттырмайды. Ал қандай жағдай болмасын қасында қала берген әйелдің өзін бақытсыз сезінуіне әкелуі мүмкін.

3. Алғашқы қиындықта беріледі

Ер адамның күш-жігерді талап ететін немесе жайлылық аймағынан шығуды қажет ететін жағдайда өзін қалай ұстайтынын байқа. Егер ол бірден бас тартса, бұл оның жалқаулығын әрі мақсатсыздығын білдіреді. Ол шешім іздеуге, кедергілерді еңсеруге тырыспайды, өйткені өзін онсыз да құрметке лайықпын деп санайды. Алайда уақыт өте келе мұндай адаммен өмір сүру барған сайын күрделенеді.

4. Оның алға қойған мақсаты жоқ

Тіпті қарапайым болашақ жоспарын құрмайтын ер адам — дамуға немқұрайлы қарайтын жан. Арман-мақсаттың, амбицияның болмауы оны жағдайға тәуелді етеді, ал онымен құрылған қарым-қатынас сенімсіз сипат алады. Ол «бүгінмен ғана өмір сүретіндіктен», оған толық арқа сүйеу қиын. Ал өміріңді сеніп тапсырсаң, қатты опық жеуің мүмкін.

5. Ол өзгерістерге қарсы тұрады

Қазіргі жағдайы қанағат әкелмесе де немесе дамуына кедергі жасаса да, жалқау ер адам өз жайлылық аймағынан шыққысы келмейді. Өзгеріс күш-жігерді талап етеді, ал ол тұрақтылықты таңдайды — тіпті бұл тоқырауға алып келсе де. Мұндай ұстанымның жақсылығы аз: ондай адаммен ортақ өмір көбіне дамусыз, тығырыққа тірелген күйге айналады.


Фото: Pexels

Дереккөз: HEROINE

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше