романтикалық кездесуге арналған идея

Pexels: Pavel Danilyuk

Егер далада аяз болса, бұл жылы, жайлы көрпені жамылып алып ұйықтай беруің керек дегенді білдірмейді!

Қыста да адамдар ғашық болады. Олар, тіпті, ең романтикалық мекендерге барады! Ал, біз жұбыңмен баруға болатын жерлер тізімін жасадық.

Мұз айдыны

Ұмытылмас бірнеше сағатты бірге өткізудің ең оңай жолы – мұз айдыны. Елестетіп көрші: қысқы суық күн, таңғажайып жауған қар және екеуің қол ұстасып, жылтыр мұздың үстінде ертегідей шаңғы тебесіңдер. Және әртүрлі тақырыпқа әңгіме айтасыңдар. Ғажайып!

Ат шана

Бұл өте керемет идея! Мұнда, тіпті, басқа адамдармен де бара аласыңдар. Өйткені әрқашан екеуің ғана қалып сөйлусуге мүмкіндік бар. Және бұл өте романтикалық шешім – оның иығына басыңды қойып, бір-біріңді жылытасыңдар. Қолғап алуды ұмытпа!

Әдемі шамдар

Иә-иә! Бұл қарапайым, бірақ өте романтикалық белсенділік. Тек серуендеп, қалаңдағы жаңа жылдық безендіруді қарап қайт.

Шаңғы

Жылы киініп, термоспен шай, тіскебасарлар бар сөмкені алып, ең жақын орманға бар. Тау шаңғысы курортында көңілді уақыт өткіз. Ал, бетің мен ернің жарылып кетпес үшін крем мен бальзам алуды ұмытпа.

Мерекелік шопинг

Жаңа жыл өтіп кетсе де, алда мерекелер келе жатыр. Неге жақындарыңа сыйлықтар іздемеске? Оның қолынан ұстап, жақын маңдағы сауда орталықтарының біріне бар.

Аққала

Аққала жасау – кішкентай баланың ғана ойыны емес. Саған ұнайтын жігітпен жасау өте керемет идея: қарды үлкен етіп домалатып, өзің де аунап, жігітке де қар шашып бір көңіл көтеріп келесіңдер. Сәбізді ұмытпа!

Фотосессия

Бұл кез-келген маусымға арналған нұсқа. Бірақ қарлы орман ертегінің қайталанбас сезімін тудырады! Сен, сондай-ақ, ұқсас аутфит ойлап тауып фототүсірілімді ерекше ете аласың. Селфи жасауды ұмытпа!

Кино

Бұл енді классика. Тамаша қысқы фильмдердің тізімін жаса. Жайлы креслолар, ыстық шоколад және жайлы экрандағы комедия – бұл жақындатады!


Фото: Pexels

Дереккөз: TheGirl