Instagram: @kukabeisek
Танымал режиссер Қуаныш Бейсек күтпеген жерден жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады.
Режиссер Instagram парақшасында жары Ғазиза-Таншолпан Тілеубаймен ажырасқанын хабарлады.
«Ғазиза екеуміз бірге енді ерлі-зайыпты емес екенімізді хабарлағымыз келеді. Дегенмен, біз жақсы достар және қызымыздың ата-анасы болып қала береміз»,
деп жазды режиссер.

Instagram/stories: @kukabeisek
Айта кетейік, Қуаныш Бейсек пен Ғазиза-Таншолпан Тілеубай 2023 жылдың 25 сәуірінде некелерін қиған еді. Ал 2024 жылдың қаңтарында Ғайнижамал есімді қызы дүниеге келді.
Фото: Instagram