
Instagram: @nazym_kyzaibay09
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады.
«Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!
Сербияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін»,
деп жазды Мемлекет басшысы Instagram-дағы өзінің парақшасында.
Еске сала кетейік, Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Ниш қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Назым қазақ боксы тарихындағы әлем чемпионатын үш рет ұтқан алғашқы спортшы атанып отыр.
Фото: Instagram