Өзіңе хош иіс таңдау — бұл басқа мәселе, ал басқа адамға алу оңай емес. Бірнеше жыл бұрын әтір сыйлау жаман идея деп саналды, бірақ қазіргі уақытта бұл туралы ұмытуға болады. Қазір хош иістер гендерлік бейтарап болып келеді, ал бөтелкелерінің өзін айтсаңшы?!

Сондықтан біз дұрыс парфюмерия жақсы сыйлық деп сенімді түрде айта аламыз. Жалғыз қиындық — дұрысын табу. Сондықтан біз саған анаңа, досыңа немесе әжеңе әтір таңдауға көмектесетін бірнеше кеңестер дайындадық.

Бірінші ереже. Өзіңе емес, біреуге

Біреуге сыйлық таңдаудағы ең қиын нәрсе —  бұл жақсы нәрсе туралы өз идеяларыңнан абстракциялау. Есіңде болсын — өзің үшін сыйлық іздеп жатқан жоқсың, сондықтан тек өзіңнің талғамыңа назар аудару дұрыс емес. Саған ұнамайтын әтірлерді ескеруге тырыс, өйткені олар біреудің сүйіктісіне айналуы мүмкін.

Екінші ереже. Алдын-ала ақпарат ал

Сыйлық іздеуге бармас бұрын, адресатыңның қандай әтірлерді ұнататынын сұра. Сен, тіпті, оған дүкенге бірге баруды ұсына аласың, саған хош иіс іздеу деген сылтаумен. Әр түрлі хош иістерді көру арқылы сен оған қандай әтірлер ұнайтыны туралы түсінік аласың. Олар әдетте төрт топқа бөлінеді: шығыс, гүлді, ағаш және балғын.

Үшінші ереже. Түйсікке сен

Егер сен нақты ақпарат біле алмасаң, біз интуицияны қосуды ұсынамыз. Алдыңда адамды елестетіп, келесі сұрақтарға жауап бер: ол қалай киінеді? ол өзін қалай ұстайды? оның мінезі қандай? ол қаншалықты эмоционалды? ол назар аударғанды ұнатады ма? Бұл сұрақтарға жауаптар оған қандай хош иіс ыңғайлы болатынын және қайсысы онша келмейтінін түсінуге көмектеседі.

Төртінші ереже. Бөтелке маңызды рөл атқарады

Әрине, әтірді таңдағанда, оның сыртқы түріне толығымен сенбеу керек, бірақ оны есептен шығару да дұрыс емес. Кейбір бөтелкелер сондай әдемі, сұлулықты жақсы көретіндер үшін интерьерге тамаша қосымша бола алады.

Бесінші ереже. Семплдар жиынтығын сыйлыққа бер

Сыйлық ретінде хош иісті таңдағанда, адамның хош иістерге қаншалықты қызығатынын түсіну керек. Егер ол одан алыс болса, құттықтаймыз, сенің алдыңда хош иістердің үлкен таңдауы бар! Егер ол қымбат парфюмерияны қолданса және трендтерді білсе, жағдай күрделене түседі. Мүмкін, мұндай адамның талғампаздығы бар, сондықтан оңай болмайды. Бұл жағдайда екі жол бар: сәттілігіңді сынап көр немесе жақсы парфюмерия брендтерінің бірінің хош иістер жиынтығын сыйла, сонда ол бірден бірнеше хош иістермен танысып, содан кейін қалағанын сатып ала алады.


Фото: Unsplash

Поделиться: