The Limba әйел

Танымал қазақстандық орындаушы The Limba өзінің Instagram парақшасында әйелін 8 наурызда қалай құттықтағанын көрсетті.

Алдымен әнші сториста видео жариялады. Кадрда көңілсіз әйелі оған «әйелдер мерекесін елемегені» үшін ренжігенін байқауға болады.

«Әйелімде депрессиясы»,

деп жазды музыкант видеоға.

Артынша, әнші сүйіктісінің көзін байлап, әдемі байланған ақ автокөліктің алдына алып келді. Әйелі тосын сыйды көріп, қуанғаннан көзіне жас алды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында танымал орындаушы The Limba ресми түрде топ-кондитер аспазшы және Ресей мен ТМД-дағы ең үлкен онлайн-кондитерлік мектептің негізін қалаушы Полина Филимоноваға үйленген болатын. 


Фото: Instagram/ @thelimba/ @pauline_cake

Поделиться: