Назима

Instagram: @13nazima

Танымал әнші Назима Жәнібекова қуанышты жаңалықпен бөлісті — ол Қазақстанның астанасының қақ ортасында өзінің жеке баспанасын алды.

Әнші жаңа пәтердің ішінде түскен бейне жазба жариялады. Жұлдыздың езуінен күлкі кетпеді.

«Менің тағы бір арманым орындалды. Жаңа 2025 жылға жаңа пәтермен кіремін! Иә-иә, қазір Астананың жүрегіндегі жаңа тұрғын үй кешенінде менің жайлы орным бар, өмірімде болып жатқан оқиғаларға өте қуаныштымын және ризамын. Бірақ, мұнымен біткен жоқ — алда жөндеу жұмыстары, ең қызықты кезең, жағымды қиындықтар күтіп тұр. Тағатсыздана күтудемін»,

деді әнші әлеуметтік желіде.

Фото: Instagram

Поделиться: