Төреғали Төреәлі қамалды

Ұлттық парк қызметкері Төреғали Төреәлі оны ұрғанын айтқан болатын.

Полиция бұзақылық фактісі бойынша әнші Төреғали Төреәлінің қатысуымен болған оқиғаны тергеуді бастады. 

29 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жас жігіттің Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық саябағының аумағында атақты әнші ұрып-соққанын хабарлаған видео тарап кетті. Ол Төреғали Төреәліге қалай қарағаным ұнамай қалғаны туралы айтты. Ұлттық парктің қызметкерінің сөзін куәгерлер растайды.

Әнші Төреғали туралы іс бойынша

29.09.2022 ж. әлеуметтік желілер мониторингі барысында осы жарияланым орнатылды. Оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан «Көлсай көлдері» ұлттық саябағының аумағында болғанын хабарлаймыз. Құқық бұзушылық ҚР ҚК «Бұзақылық» 293-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелген.

«ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайлары анықталатын болады. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департаментінің басшылығымен бақылауға алынды»,

деп хабарлады полиция өкілдері.

Төреғали Төреәлінің жанжалдың ортасында қалып отырғаны бірінші рет емес. 2018 жылы Төреғали Төреәлі өз отбасын шығарып салу үшін Алматыдан Гонконгқа бара жатқан ұшақтың бортына заңсыз кіріп кеткен. Нәтижесінде ұшақты тағы бір рет тексеруге тура келіп, рейс 18 минутқа кешіктірілді. Алматы әуежайының үш қызметкері мен Air Astana авиакомпаниясының қызметкеріне әншіні ұшақ бортына жібергені үшін айыппұл салынған болатын. 

Төреғали Төреәлі қамалды 

Сол кезде, Төреғалиға қатысты қылмыстық іс жабылған, бірақ ол 6 АЕК көлемінде айыппұл төледі.

Бүгін, 30 қыркүйекте әншіні ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы бойыншы ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Бұл туралы Алматы облысының полиция демартаментінің орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады. Ол тергеу заңның аясында жан-жақты, толық зерттеліп, тиісті шара қолданатынын атап өтті. 


Фото: Instagram

Поделиться: