Нұрлан Қоянбаев

Белгілі продюсер және шоумен Нұрлан Қоянбаев телеарнадағы жұмысын тастауының себебін айтты.

Қоянбаев жақында бизнес-форумдардың бірінде сөз сөйлеп, өзінің табысқа жету формуласы жайлы және сол кездегі танымал «Түңгі студия» телешоуының жүргізушісі қызметінен кету туралы шешім қабылдағаны туралы айтты.

«Мен қырық жастамын, 270 мың теңге жалақы алатынмын. Телеарна рейтингі де жақсы болды. Адамдар мені көшеде танып, жиі суретке түсуді сұрайтын. Содан кейін мен жалақымды көтерулерін сұрадым. Бірақ олар бас тартып, ондағы ережелердің осындай екендігін түсіндірді»,

дейді Нұрлан Қоянбаев.

Шоумен сол жылдары жиі қарызға батқанын айтты, бірақ бәрібір отбасын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмаған.

«Үйге ет сатып ала алмаған кезім болды. Әйелімнің көзіне қарауға ұялатынмын. Ол менен сегіз жас кіші. Содан кейін үлкен қызым Нұрай маған банктен жинаған ақшасын берді. Біз сол ақшаға ет сатып алдық. Сол кезде шарасыздықтан жылап жібергенім есімде»,

дейді продюсер.

Қоянбаевтың айтуынша, бұл жағдай оның өмірін өзгертті — «Түңгі студиядан» кетті. Продюсер бұл шешімге ешқашан өкінбегенін айтады, өйткені кинода ол шығармашылық еркіндікке ие болды және шамамен 12 миллион АҚШ долларын тапты.


Фото: Instagram: @koyanbayevnurlan

Поделиться: