Мирас Жүгінісов

Жас әнші «Замандас» поскастында қонақта болып, жүргізуші Қанат Бейсекеев екеуі Қазақстандағы қоғамдық маңызы бар мәселелерді қозғады

Жақында ғана, Мирастың түсік жасату тақырыбын қозғайтын «Жанамын»атты бейнебаяны жарық көрді. Әнші бұл туындысымен әйел адамдар бұндай қадамға барарда, қандай нәрседен айыралатыны жайлы көрсеткен.

Жүргізуші Мирасқа әр адам оны өзі шешу керектігін айтып қарсы пікірін білдірді. 

«Көптеген себептер болады, кейде зорлық-зомбылық салдарынан жүкті болып қалған кездер болады, бұндай жағдайда әйел адам ол баланы дүниеге алып келгісі келмейді»,

деді жүргізуші.

Мирастың пікірінше, ол мүлде басқа тақырып, және діни тұрғыдан да түсік жасау өте ауыр күнә. 

Қанаттың түсінігінде, Мирас бұл тақырыпты қозғау арқылы әйелдердің құқығына қол сұғып, бұрын түсік жасатқан әйелдерді айыптап тұр. Желіде Қанатты жақтайтындар да табылды. 

«Мен ешкімді айыптамаймын. Статистиканы қарадым, біздің мемлекет түсік жасаудан алдыңғы қатарда, бұл ойландыратын мәселе. Халықтың алдында жүргеннен кейін, осындай маңызды тақырыптарды көтергім келді. Қандай бақыттан айырылатындарын көрсеткім келді. Пікірлердің ішінді ешқандай хейт жоқ. Көп адамдардың керісінші түсік жасамауына себеп болып жатыр»,

деп өз ойын айтты.
https://www.youtube.com/embed/kMa9SHdnaMY

Фото: Instagram/ @zhugunussov.mj

Поделиться: