Нұрлан Сабуров

Әзілкеш бірнеше рет концерттер мен кештерде видео түсіруге тыйым салынғанын атап өткеніне қарамастан, жанкүйерлері бұл ережені бұзған. Қызықты үзінділерін ТikTok-та жариялаған. 

Нұрлан «өзі үшін» өмір сүргісі келетіні жайлы айтты. Әзілкеш желіге кіріп, жаңалықтарды оқудан қорқады. Сөздеріне сүйенсек күйзелісте жүр. 

«Мен жай ғана өмір сүргім келеді. Тек өмір сүруге мұрша беріңіздерші. Жаңалықтар әбден мезі қылды. Мен үнемі күйзеліске ұшыраймын. Күйзелістің кесірінен асқазаным ауыратын болды»,

деді Нұрлан.

Кейінірек әзілкеш қонақтардың бірінің камерасын көрді, ол оған өте сабырлы түрде жауап берді. 

«Түсіруді тоқтатыңыз. Менің өмірім мүлдем ештеңе үйретпейді ме? Мен жанжалдардан шықпаймын. Мансабымда құрдымға кетіп жатыp»

деді ол.

Фото: Екатерина Гербей

Поделиться: