Сіздің әтіріңіздің исіне разы болмайтын 5 жер 

Ресми түрде әтір қолданудың этикет ережелері әлі жоқ, бірақ оларды ұстанған дұрыс.

Бірінші ереже -қоғамдық орындарда әтірді тым көп қолдануға болмайды.

1. Спортзал

Тер мен әтірдің исі қосылғанда(иә, жаттығуда тіпті ханшайымдар да терлейді) хош иіс бұрмаланып қана қоймайды, сонымен қатар айналасындағыларды тұншықтырады. Жан-жағыңыздағы жаттығуға келген адамдарға кедергі келтіретіні анық. 

2. Емхана

Терапевтпен кездесу сіздің парфюмерлік талғамыңызды көрсетудің ең жақсы мүмкіндігі емес. Дәрігерге кезекке денсаулығы жақсы адамдар болмауы мүмкін, ал хош иіс оларға ыңғайсыздық тудыратыны анық. Аллергия немесе астма ұстамасы да туындауы ғажап емес. 

әтір
3. Ұшақ

Дьюти-фриде әтірді таңдағанда, сатып алғыңыз келетін барлық нәрсені шашып көруге асықпаңыз. Тіпті аз ғана мөлшерде болса да. Өйткені сіз ұшақта отырған жолаушыларға үлкен кедергі келтіресіз. 

4. Кеңсе

Егер кеңседе өзіңізде жеке кабинет болса, онда қалағаныңызша әтірді қолдансаңыз болады. Ал егер, опенспейс жүйесі болса, әтірді қолданарда мұқият болыңыз. 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасағандықтан ауаның таза, және түрлі истермен ластанбауы маңызды.

5. Отбасылық кешкі ас

Тағамның хош иістері барлық қонақтардың әтірімен араласады деп елестетіп көріңіз — әрі қарай түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан, тамақтануға барғанда әтір таңдауда мұқият болыңыз. Адамды тұңшықтаратын истерді таңдамаңыз, және гомеопатиялық мөлшерде қолданыңыз.


Фото: Unsplash/Emily Wang/Fulvio Ciccolo

Поделиться: