Сирек ізумрудтар мен антикалық монеталар: Bvlgari Almaty Museum of Arts-та жоғары зергерлік өнердің шедеврлерін ұсынды
Artmanship іс жүзінде.
Bvlgari жоғары зергерлік өнерге және оның заманауи визуалды шығармашылықпен байланысына арналған салтанатты қабылдау өткізді. Іс-шара Almaty Museum of Arts қабырғасында өтіп, музей тарихындағы маңызды бет ашты: мұнда алғаш рет ресми гала-кешке залдар есігін айқара ашты.
«Almaty Museum of Arts кеңістігінде алғашқы гала-кештің өтуі Bvlgari брендіне деген жоғары сенімді айқындайды. Қазақстанда Дүйім Үйді ширек ғасырға жуық таныстырып келе отырып, зергерлік өнердің шедеврлері қазақстандық заманауи өнердің таңдаулы туындыларының дәл жанында ұсынылған осы белесті атап өткенімізге қуаныштымыз».
отметила Гаухар Абыкаева, генеральный директор компании Sansi.
Кеш қонақтары үшін Қазақстанға арнайы жеткізілген High Jewelry туындыларын бүкіл салтанатымен тамашалау сирек мүмкіндігі туды. Көпшіліктің назарын скульптуралық білезік Serpenti, 4 караттан аса салмақты асыл ізумрудпен көмкерілген, сондай-ақ аңызға айналған «Элизабет Тейлор» стилистикасында да, заманауи әрі нәзік Tubogas дизайнінде де ұсынылған Serpenti топтамасының культ әшекейлері өзіне аудартты.
Нағыз бағалаушылар мен коллекционерлерді I–II ғасырлардағы түпнұсқа антикалық монеталармен безендірілген Monete желісінің алқалары мен сағаттары, сондай-ақ саф гауһарлармен жиектелген малахит, спессартин, сердолик, аметист және рубеллиттің калейдоскопындай құлпырған Divas’ Dream гарнитуры ерекше тәнті етті.
Кештің музыкалық әрлеуі ретінде Италиядағы Қазақстан Республикасының мәдениет елшісі, опера дивасы Мария Мудряк өнер көрсетті. Оның орындауында музей күмбезі астында Джузеппе Верди, Луиджи Ардити және Джакомо Пуччини шедеврлерінен ариялар шырқалды.
Фото: Bvlgari баспасөз қызметі