Садраддиннің

Шымкентте 8 наурыз қарсаңында Садраддиннің концерті өтті. Халық лық толып, алаңға сыймай жатты.

Желіде ТikTok қолданушысы жеке парақшасында оқиғаның қалай болғанын жазды. 

«8 наурызда Садраддиннің концерті өтті. Адам өте көп болды. Бүкіл Шымкент сол жақта жүргендей. 10-15 шақты адам талып қалды. 25-30 шақты адамды жақындары іздеп жүрді. Полицей шақырдық. Толқын сияқты адамдар тербеліп тұрды. City Mall-дың ішінде де адам толы болды. Үйге кешкі 10-да бір-ақ жеттік. Садраддин үш ән айтты да, кетіп қалды. Тіпті, көрермен концертті бастан-аяқ көре алған жоқ. Ол жақтағы сұмдықта сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Тегін болғасын бүкіл халық барған»,

деп жазды концертке келген ару. 

Әншінің өзі де халықты сабырға шақырып, тәртіп сақтау керектігін айтқан.

«Сіздерден өтініш, кішкене ары тұрсаңыздар! Артқа қарай, сахнадан түсіп тұрыңыздар! Өйткені алда кішкентай балалар отыр»,

деді әнші. 
@kosmdiana #шымкентситимолл #шымкент #садрадин❤️‍🔥 ♬ оригинальный звук — .

Фото: Instagram

Поделиться: