Баян Алагөзова

Instagram: @bayanmaxatkyzy

Продюсер Баян Алагөзованың әкесі Мақсат Мұхитдинов қайтыс болғаннан бері екі жыл өтті. Жұлдыз әлеуметтік желіде әсерлі жазба арнады.

Әпкесінің орындауындағы әнмен продюсер өмірден өткен әкесін еске алды. Баян ата-анасына арнаған жазбасында Бағымның ән айтуға деген таланты әкесінен дарығанын атап өтті.

«Сенсіз өткен екі жыл. Уақыт емдемейді, ол тыныштандырады. Бағым сен үшін ән айтты, тек оған сенің әдемі ән орындайтын талантың дарыды»,

деп жазды Алагөзова.

Әлеуметтік желіде марқұмды Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен жиені Айдар Асқарбек те еске алды.


Фото: Instagram

Поделиться: