Әсел Сәдуақасова ажырасты

Instagram: @asselsadvakassova

Өткен жылы тұрмысқа шыққан танымал қазақстандық актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова Мағжан Тілеухановпен ажырасқаны туралы хабарлады.

Әсел жеке өмірі туралы айтатын уақыт келді деп шешті — ол күйеуімен ажырасты.

«4 қазанда біз ресми түрде ажырастық. Осындай ортақ шешімге келдік. Ешкім ешкімді тастаған жоқ, біз бұл шешімге келгендегі әр қадамды бірге және бірауыздан қабылдадық»,

деп мойындады ол.

Актриса олардың бірден ажырасуға арыз бермегенін, ойланғылары келгенін, ажырасу туралы ой мазалағандықтан біраз уақыт бөлек тұруды қалағандарын, бірақ қабылданған шешімнен кейін екеуі де жеңілдеп қалғандарын атап өтті.

«Мен бірден айтайын — Мағжан мен үшін өте жақын адам болған және солай болып қала береді»,

деді Әсел.

Естеріңе сала кетейік, өткен жылдың маусым айында Әсел Сәдуақасова мен Мағжан Тілеубаев ресми түрде ерлі-зайыпты атанып, «неке қию» рәсімін өткізді. Бір айдан кейін олар үйлену тойларын жасады.


Фото: Instagram

Поделиться: