«Егер ер адамның әйелі мен балалары бар екенін білсеңдер, ол адаммен араны бірден үзулерің керек. Өзіңді қолға алып, дұрыс жолмен жүр», —
деді ол өз жазбасында.
Әнші бұл сөз тек қыздарға ғана емес, ер адамдарға да қатысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, өзіңе және өзгенің отбасына құрметпен қарау — адал қарым-қатынастың басты шарты.
Бұл мәлімдеме Қазақстанда көп әйел алу тақырыбы қызу талқыланып жатқан уақытта жарияланды. Өткен аптада мәжіліс депутаты Абзал Құспан полигамияны заңдастыруды ұсынған еді.
Фото: Instagram