Instagram: say_mo__

Қазақстандық рэп-орындаушы Say Mo отандық YouTube шоулардың бірінде Darkhan Juzz-дің өліміне қатысты пікірін білдірді.

Осы жылдың қыс мезгілінде Darkhan Juzz өмірден өткен етті. Бұл жағдай Say Mo-ға ерекше әсер еткен. Рэп орындаушы осы оқиғадан кейін өмірімде көп нәрсе өзгерді дейді.

«Суық хабарды естіген күн әлі есімде, үйде отырған едім құрбым жазды. Басында ештеңе түсінбей отырып қалдым, біраз уақыт еткеннен кейін әртістерге, достарыма басқаша қарай бастадым. Бір-бірімізді бағалау керектігімізді сезіндім. Өмірге деген көзқарасым өзгерді»,

деді Say Mo.

Сонымен қатар, Say Mo адамдарды тату болуға, бір-бірлерін жақсы көруге шақырды. 

Поделиться: