Саусақтың ұзынды мінез

Адам мінезін тек жұлдыз жорамал белгісі мен қолдағы сызықтар ғана емес. Сұқ саусақ пен сақина саусақтарының ұзындығымен анықтауға болады екен.

Саусақтардың ұзындығы адамды жақсы білуге тамаша мүмкіндік деп ойладың ба? Психологиялық зерттеулер сұқ пен сақина саусақтарының ұзындығы адам туралы көп нәрсе айта алатындығын көрсетеді.

Сұқ саусақ сақина саусағынан ұзын болса

Егер сенің сұқ саусағың сақина саусағыңнан ұзын болса, онда құттықтаймын! Сен көшбасшысың. Адамдар сенің соңыңнан ереді, сенің олардың алдында беделің жоғары. Пікірің жиі тыңдалады, бірақ өз әрекеттеріңе өте мұқият ойлануың керек, өйткені олар әдетте басқаларға үлкен әсер етеді. Сен өзіңізге сенімді, тапқырсың және не қалайтыныңды білесің. Көбінесе адамдар сенен кеңес сұрайды, өйткені олар біледі: сен әрқашан дұрыс шешім табуға көмектесесің. Кейде сен ашуланшақ боласың, бірақ тез басыласың. 

Сұқ саусақ пен сақина саусақтарының ұзындығы бірдей

Егер саусақтарыңның ұзындығы бірдей болса, онда сен керемет сабырлы, қамқор, жұмсақ, адал, көпшіл және ұйымшыл адамсың. Айналаңда әрдайым көптеген адамдар жиналады, өйткені сен жылы және көңілді атмосфераны ұялатасың, сенің жаныңда өздерін жайлы сезінеді және ең өз құпияларын ашуға да дайын.  Көбінесе саусақтарының ұзындығы бірдей адамдар асыл мамандықтарды таңдайды: дәрігер, мұғалім, ветеринар, құтқарушы. Саған басқа адамдарға көмектесу, оларға қамқорлық жасау ұнайды.

Саусақтың ұзындығы бойынша адамның мінезін қалай анықтауға болады
Сақина саусақ сұқ саусаққа қарағанда ұзынырақ

Сақина саусақ сұқ саусаққа қарағанда ұзынырақ па? Онда, сен өзіңе сенімді және ұқыптысың. Сен бәрінен ұтымды тәсіл іздейсің, өзіңе не қажет екенін және оны қалай алуға болатынын білесің. Сенде стратегиялық ақыл бар, бір нәрсеге жабыспайсың, кез-келген жағдайдан шығудың жолын табасың. Көбінесе байсалды және парасаттың, сонымен қатар, сен  жүрегіңмен емес, ақылмен көбірек ойлайсың. Сізге логика мен стратегияға байланысты сәйкес келетін мамандықтар: ғалым, инженер, заңгер.


Фото: Pexels/ Cottonbrostudio

Поделиться: