Санжар Мәди

Қазақстандық актер Санжар Мәди әлеуметтік желіде жаңа кино образын жариялады.

Арнайы күштердің жауынгері бейнесінде түскен суреті жанкүйерлерді таң қалдырды. 

«Бүркіт», – деп Санжар Instagram парақшасында жариялаған видеоға қысқаша жазба қалдырды. Актер арнайы күштер туралы жаңа фильмге түсіп жүргенін атап өтті.

Санжармен бірге жаңа экшн-фильмде Асылхан Төлепов, Дәурен Серғазин және басқа да қазақстандық кино жұлдыздары да ойнайды. Бұған дейін Мәди, Төлепов және Серғазиннің бірге түскен суреті де Қазнетті баурап алған болатын.


Фото: Андрей Никольский для Harper’s Bazaar Kazakhstan

Поделиться: