Сан бар, ал сапа қайда? Алмаз Малдыбаев — қазақ киносының келешегі туралы

Отандық кинематографтың рекордтарының артында қандай сын-тегеуріндер тұр.

от Арайлым Ақан
20 октября 2026
Алмаз Малдыбаев
Pexels: Pavel Danilyuk

Соңғы уақытта Қазақстандағы кинопрокат шын мәнінде бум кезеңін бастан кешіп отыр. Жыл сайын экранға жүзден астам отандық фильм шығады. Бір жағынан, бұл қуанышты жайт: көрермендердің кинотеатрларға қызығушылығы артып, кассалық түсімдер жақсарып келеді. Алайда сұрақ туындайды: санның өсуі сапаның артуына кепіл бола ала ма? Осы және өзге де тақырыптар туралы Kinopark Theatres негізін қалаушысы Алмаз Малдыбаев TALDAU TALKS подкастында жан-жақты айтып, индустрияның өзекті әрі ішкі түйткілдерін талқылады.

«Қазір – қазақстандық кино ең белсенді дамып, ең мықты статистикалық нәтижелер көрсетіп тұрған кезең. Соңғы бес жылда 350 картина жарық көрді, соның 25-і прокатта 1 миллиард теңгеден астам жинады. Киноиндустрияда жұмыс істеп жүргендер үшін бұл – өте қуатты үрдіс», —

отметил Алмаз Малдыбаев.

Подкасттағы негізгі тақырыптардың бірі – көрермен талғамының өзгеруі. Бүгінде кинематографистерге тек көңіл көтеретін контент жасау жеткіліксіз — басты талап халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, эстетикалық тұрғыдан терең жобалар ұсыну болып отыр.

Соған қарамастан, индустрияның дамуына кедергі болып отырған басты түйіндердің бірі – кинотеатр залдарының тапшылығы. Бүгінгі таңда Қазақстанда бар-жоғы 510 зал жұмыс істейді, ал нарықты толық қамту үшін бұл көрсеткіш кемінде 2000 болуы керек. Бұл тұрғыда АҚШ, Оңтүстік Корея және Қытайдың жаһандық тәжірибесі бағдар бола алады.

Тарихи өзгерістер және нарықтың қалыптасуы

Қазіргі кинобизнестің тамыры тереңде жатыр. Алмаз Малдыбаевтың айтуынша, 1940 жылдан бастап кинотеатрлар мен кин өндіріс толығымен мемлекет қарауында болған: үкімет фильмдерді өзі түсіріп, өз кинотеатрларында көрсеткен. Соның салдарынан бұл саладағы нарықтық қатынастар мүлде басқа сценарий бойынша қалыптасты.

«1998 жылдан бастап алғашқы кинотеатрларды аша бастадым. Оларды қайта түлетудің пионері аталдым деуге болады. Ол уақытта жұрт киноға баруға дағдылмай қалған еді, ал кинотеатрлар мен продюсерлер арасындағы бұрынғы байланыстар үзілген болатын. Біз бұл бизнес-процесті халықаралық тәжірибеге сүйене отырып қайта құрдық», —

вспоминает предприниматель. Детский контент и анимация

Балалар контенті мен анимация

Балалар фильмдері мен отандық анимация саласы бөлек назарды қажет етеді. Подкастта бұл бағыт ірі инвестициялар мен жүйелі мемлекеттік қолдауды талап ететіні айтылды, өйткені өсіп келе жатқан ұрпақтың талғамын қалыптастыру – болашақ ұлттық мәдениеттің іргетасы.

«Қазақстанда бар-жоғы шамамен 20 миллион адам тұрады, сондықтан балалар контентін тек коммерция есебінен өтемдеу мүмкін емес. Бұл бағыттың тәрбиелік мәні айрықша. Қазір жастар Голливуд картиналарымен тәрбиеленіп жатыр, өйткені өзіміздің ертегілеріміз бен анимациямыз жетіспейді. Сондықтан бұл саланы мемлекеттік деңгейде қолдау қажет», —

подчеркнул Алмаз Малдыбаев.

Кино және жасанды интеллект (ЖИ)

Технология қарқынды дамыған дәуірде кинематограф та шет қалмайды. Жасанды интеллектіні кинопроизводствоға енгізу шығармашылық үдерістерді қалай өзгертеді? Бұл бағыт индустрияға жаңа көкжиектер ашады, әрі әлі де қызықты да құпиялы сала болып қала береді.

Қысқасы, қазақ киносы эволюцияның жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл жолдан лайықты өту үшін шығармашылық еркіндік пен сапаның жоғары стандарттары қатар жүруі тиіс.


Фото: Pexels

Дереккөз: Taldau Talks

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше