Сабина Алтынбекова жанкүйерлерімен жақсы жаңалықпен бөлісті

от aigerakain
30 января 2023

Қазақстанның ең әдемі спортшыларының бірі болып саналатын танымал волейболшы Сабина Алтынбекова оқырмандарына  көптен күткен жаңалықты айтты.

Спортшы Біріккен Араб Әмірлігінің «Әл-Васл» волейбол клубы үшін алғашқы матчын өткізіп, командамен бірге жеңісті атап өтті. Алтынбекова бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

«2023 жылдың алғашқы ойыны. Үзілістен кейінгі алғашқы ойын және жеңіс»,

деп жазды Алтынбекова постқа ойыннан бірнеше фотосуретпен бөлісіп.

Естеріңізге сала кетейік, Сабина Алтынбекова отбасылық жағдайларға байланысты екі жылдық үзілістен кейін 2022 жылдың желтоқсанында мансабын қайта бастау туралы жариялаған болатын. 


Фото: Instagram/ @altynbekova_20

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше