Неліктен кейбір адамдардың стилі жақсы қалыптасқан, ал басқалары көптеген жылдар бойы өз стилін іздейді?

Сәнді жақсы түсінетін 5 жұлдыз жорамал белгілері 
Тауешкі

Бұл белгінің өкілдері сыртқы келбет пен әлеуметтік мәртебе бір-бірімен тығыз байланысты деп санайды. Көбінесе  тауешкі-әйелдер жақсы лауазымдарға ие болады немесе мансапта жақсы жетістіктерге жетеді, бұның бәрі өздерін жақсы ұстай, көрсете білулерінің арқасында (Карла Бруни, Кейт Миддлтон, Ирина Шейк).

Сәнді жақсы түсінетін 5 жұлдыз жорамал

Олардың негізгі ерекшелігі немесе тіпті таланты: заман ағымынан тыс классика болып қала беретін сапалы және қымбат заттарды таба білуі. Олар көп қаражат құрпай-ақ көптеген жылдар бойы керемет көрінетін, трендте болатын киім таңдай алады. 

Балықтар

«Ең бастысы — бұл сенің кім екенің емес, сен өзіңді қалай көрсететінің» — бұл барлық балықтардың сәні мен стилі туралы басты ұстанымы. Бұл белгінің өкілдері сыртқы келбетті жасау арқылы адамды түбегейлі өзгертуге болатынын түсінеді. Сондықтан, осы белгінің әйелдері (тіптә ерлері) трендтің пайда болуынан бұрын оның ағымын сезінгендей, сәнді түсінеді.

Сәнді жақсы түсінетін 5 жұлдыз жорамал белгілері 

Балықтар маусымның ең көп талқыланған нәрселерін қолданса да , ерекше, ешкімге ұқсамайтындай үйлестіре алады. Егер сіз қандай стильді таңдау керектігін білмесеңіз, балықтарға назар аударыңыз: олар әртүрлі бағытты қамти отыра, өте орынды, үйлесімді киіне алады (Наталья Водианова, Синди Кроуфорд, Оливия Палермо). 

Арыстан

Бұл белгінің өкілдерінің арасында дизайнерлер мен өте сәнді адамдардың  рекордтық саны бар, өйткені дәл осы белгіде күн ең күшті күйде. Арыстандар үшін жарқырап жүру және айналасында сұлулық пен шоу жасау өте маңызды, сондықтан әйелдер мен ерлердің арыстандары шынымен сәнді сезіне алатын қасиетке ие. Мысалы, Коко Шанель ерлердің киімдеріне, інжу-маржан тасын қосып, әйелдерге арналған сөмкені енгізіп трендке айналдырып жіберді.

Сәнді жақсы түсінетін 5 жұлдыз жорамал

Ив-Сен Лоран әйелдерге арнап ерлердің тамаша күртешесін жасады, ал Дженнифер Лопез, Кара Делевин және Шарлиз Терон сияқты атақты жұлдыздарды әрқашан қызыл кілемде көргенде тамсана қарайтынымыз анық. 

Таразы

Астрологияда бұл белгі нағыз эстетиканың архетипі болып саналады. Таразы әрдайым әдемі, ақылды және талғампаз көрінеді. Венераға таразыларға сұлулықты (Донна Каран, Ральф Лорен) ғана емес, сонымен қатар, өздерінің киіну үлгілерімен басқа адамдарға сабақ бола алу мүмкіндігін бергені үшін рахмет.

Сәнді жақсы түсінетін 5 жұлдыз жорамал белгілері 

Назар аударсақ, таразылардың көпшілігі күнделікті стильді ұнатады, бірақ ең қарапайым нәрселерде де мінсіз көрінеді (Белла Хадид, Моника Беллуччи, Мэрион Котиляр). Олардың құпиясы жоғары сапалы маталарды, әмбебап түс комбинацияларын және қымбат аксессуарларды таңдауда.

Сарышаян

Бұл белгі өкілдері екі керемет планета Плутон мен Марстың  бақылауында. Сондықтан сарышаяндар сыртқы сұлулық пен стиль билік үшін күресте күшті қару екенін біледі. Бұл белгінің әйелдері өздерінің бәсекеге қабілеттілігін сезінуді жақсы көреді, көбінесе оған сыртқы келбеттері арқылы қол жеткізеді (Скарлетт Йоханссон, Джулия Робертс, Негин Мирсалехи). Сәнді образдарды жасауға келетін болсақ, олар шын мәнінде теңдесі жоқ. Олар трендтерді қалай үйлестіруге болатынын біледі, тіпті еркектердің үлкен киімдерінде де тартымды көрінеді.

Сәнді жақсы түсінетін 5 жұлдыз жорамал

Сарышаян-дизайнерлерінің арасында алтыннан, тастардан және қымбат маталардан заттар жасайтындар көп (Стефано Габбана, Роберто Кавалли). Байлыққа, барлыққа деген құштарлығын осы жолмен көрсетеді. 


Фото: Instagram/ @gigihadid/ @irinashayk/@oliviapalermo/@caradelevigne/@neginmizralehi

Поделиться: