Рахат Тұрлыханов ісі бойынша апелляция нәтижесі белгілі болды

Рахат Тұрлыхановтың ісі бойынша апелляциялық инстанция қандай шешім қабылдағаны белгілі болды. Бұған дейін сот іс материалдарын прокурорға жолдау туралы қаулы шығарған еді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 01 апреля 2026, 13:57
Рахат Тұрлыханов
Instagram: @rakhat_turlykhanov

Енді оған қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Алматы қаласы прокуратурасы хабарлағандай, бастапқы кезеңде іс әкімшілік өндіріс тәртібімен қаралған.

«Әкімшілік соттың қарау қорытындысы бойынша іс өндірісі тоқтатылды. Сот қаулысына шағым түсірілгенімен, апелляциялық инстанция оны өзгеріссіз қалдырып, шағымды қанағаттандырмады. Қазіргі уақытта материалдар қылмыстық іс жүргізу тәртібімен процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласы Медеу ауданының полиция басқармасына жолданды. Қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралу сатысында», —

деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде әнші Рахат Тұрлыхановтың Алматыда ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейінірек соттың іс бойынша шешімі белгілі болды. Сот іс материалдарын прокурорға, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін жолдау туралы қаулы шығарған.

18 наурыз күні іс бойынша апелляциялық шағым берілгені туралы ақпарат пайда болған еді.


Фото: Instagram

Дереккөз: Nur.kz

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше