
Instagram: @nargiizaaa
Желіде RaiM-ның бұрынғы сүйіктісі Наргиз Рамазановаға ұсыныс жасаған жігіттің кім екені анықталды.
Арудың сүйіктісінің есімі – Жәнібек Ерболатұлы, кәсіпкер. Жігіттің бірнеше рет үйленіп, ажырасқаны туралы әңгіме тарады. Ол үнсіз қалмай, әлеуметтік желідегі парақшасына өз ойын жазды.
«Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын. Ажырасқаным рас. Бірақ ешкім менен зардап шекпеген. 4-5 әйел алды деген өтірік. Олай айтпаңыздар. Рамазанда ұстаған оразаларыңыз мені өсектеп зая кетпесін. Басқалар сияқты үсті-үстіне тоқал алған емеспін. Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. Әркімнің өз айыбы бар. Біреулер жалға көлік алып жүр деп жазып жатыр, ол өзімдікі»,
деді жігіт.
Одан кейін кәсіпкер ажырасқан адамдар да бақытты болуға лайық екенін айтты.
«Ажырасқан адам бақытты бола алмай ма? Ешкім сау сиырдың тезегі емес, әркімнің бір өткен оқиғасы бар. Айналайындар-ау, кім ажыраспай жатыр? Осы өсектің артында жақсы болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Алла Тағала барлығыңыздың отбасыңызға береке берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»,
деп жазды Жәнібек.


Instagram/stories: @zhanibek.erbolatuly
Фото: Instagram