Instagram: @erke_esmahan
Жақында үшінші рет ана атанған Ерке Есмахан оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, күйеуі RaiM-ның қайырымдылық көп жасайтынын айтты.
Желі қолданушыларының бірі әншіден RaiM-ды бай деп естігенін айтып, оның рас-өтірігін білгісі келді.
«Рас! Күйеуімнің айналасына жақсылығы көп. Бірақ, көрсетпейді, айтқызбайды. Мен мақтаншақ, айтқым келеді. Қайырымдылықты айтпасаң да, жақындарыңа беріп жатқан сыйлықтарыңды, бір-бір көліктен мінгізіп жатқаныңды сториске салайық, жұрт Райм тек әйеліне ғана жұмсайды ақшасын демесін деп. Онымен «жоқ, жоқ» дейді»,
деді Ерке.
Еркенің оқырмандарының бірі «сізді психологтар күйеуін алдауды біледі деп жатыр ғой» деп жазған. Әнші бұл пікірге қатысты өз ойын айтты.
«Қателеседі олар. Ешкімді алдамаймын. Мен сүйгенді сүйемін. Психологтарға айтарым, әйелдерге оданда мынаны үйретіңіздер. Еркектің өзін емес, сол еркекке деген махаббатты жақсы көрген дұрыс.
Еркекті жақсы көремін деп таусыласыз, ал оған деген махаббатты жақсы көрсеңіз, өз ішіңіз сезімге толалады, айналаңыз гүлденеді, жүзіңіз нұрланады, арадағы махаббат ұлғаяды. Адамға емес, сезімге ғашық болыңыз, сол кезде еркек сізге ғашық болады»,
деп жауап берді әнші.


Instagram/stories: @erke_esmahan
Фото: Instagram