RaiM мен Еркенің баласының кіндік шешеcі кім?

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:29

Instagram: @raimusican

Күні кеше RaiM мен Ерке Есмаханның үшінші ұлы дүниеге келді. Бұл қуанышты жаңалықпен жас әке Instagram парақшасында бөліскен болатын.

Айнұр Тұрсынбаева Батырдың кіндік шешесі атанды. Айтыскер ақын қуаныштан сәбиге өлең жолдарын арнап үлгерді.

«Әкесі дүлдүл,
анасы бұлбұл!
Кіндік шешесі ақын,
Өзі Батыр!
Қазаққа жақын
Ұл туып жатыр...

Әр шаңыраққа осындай Батыр тіледім!»

деп жазды Айнұр.

Тұрсынбаева қазір Түркияда тұрады. Алматыға тойға келгенде Ерке Есмаханның босанғанын естіп, ерекше қуаныпты.

«Менің кіндік баламның тұп-тура мен Алматыға келген күні дүниеге келгенін айтсаңыздаршы... Мені күтіп жатқан ғой»,

деді ақын.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше