Sportarena.kz мәліметінше, WTA рейтингінің жекелей сындағы 457-орнында тұрған қазақстандық теннисші бұл турнирде нидерландтық Лиан Транмен (әлемдік рейтингте – 792-орын) жұп құрап өнер көрсетіп жатыр.
Алғашқы айналымда қазақстандық-нидерландтық дуэт турнир қожайындары Аранча Рус пен Джой де Зеувті 6:4, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді. Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылды.
Бұл матч аталған жұптардың кәсіби деңгейдегі алғашқы өзара кездесуі болды. Осы жеңістің арқасында Жібек Құламбаева мен Лиан Тран жарыстың ширек финалына жолдама алып, келесі кезеңде Италия өкілдері Нурия Бранкаччо мен Федерика Ургесиден құралған жұппен кездеседі.
Фото: Instagram