«Овал» техникасының көмегімен ерінді қалай үлкейтуге болады? 

Біз жаңа сұлулық лайфхактары мен трендтерін іздеу үшін TikTok-ты зерттеп, бақылап отырамыз.

Әлеуметтік желі пайдалы ақпараттың нағыз ошағы болды, ал бейнематериалдың авторлары жақын арада негізгі трендситтер атағы үшін басқа әлеуметтік желілердің дизайнерлері мен ықпал етушілерімен бәсекеге түсе алады.

Қарындашпен ерін үлкейту – қолданыста кең таралып кетті. Ерін контурынан асып кетпеу керек. Трендте жаңа «овал» техникасы.

Техника өте қарапайым. Әдетте, еріндерді көрнекі түрде үлкейту үшін біз олардың сыртқы контурынан асырып бояймыз. Ал мұнда бәрі басқаша жұмыс істейді. Алдымен ерніңіздің түсінен бірнеше реңк қою түсті  қарындаш алыңыз және екі нүкте қойыңыз: үстінгі еріннің жоғарғы жағында және астыңғы еріннің төменгі жағында. 

Олар бір-бірінің астында орналасуы керек – бұл біздің сопақшаның қысқа диаметрі болады. Содан кейін сызылған диаметрге сәйкес ерінге бірнеше рет батырмай сопақ сызыңыз. Маңыздысы, сопақ еріннің бүкіл ұзындығына созылмай, керісінше сәл тегістелген шеңберге ұқсауы керек.

Жаңа «овал» техникасы

Егер сызықтар тым қою болса, оларды саусақтың көмегімен сәл сүртуге болады. Соңында ерінге арналған жылтыр далап жағыңыз. Нәтижесінде ерін косметологқа барғаннан кейінгідей томпақ, көлемді көрінеді. Сонымен қатар, өте табиғи, ерніңізде мөлдір жылтыр көрсетеді. 


Фото: Rhode Beauty/ Instagram @STXPH.H

Поделиться: