Қазақстан режиссер Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу» фильмі беделді «Оскар» сыйлығына ұсынылды.
Мәдениет министрлігінің Telegram-каналында «Бауырына салу» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсыну үшін бекітілгені туралы хабарланды. Режиссер Асхат Кучинчирековтің фильмі дауыс беру қорытындысы бойынша «Тұлпар» ұлттық сыйлығына ие болды және Оскар комитетіне International Feature Film номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылып отыр.
Бұл ретте фильм номинанттардың соңғы тізіміне әлі енген жоқ. Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады.
Қысқа тізім бойынша дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.
«Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады. «International Feature Film» санатындағы мүсіншеде мемлекет пен фильмнің атауы және режиссердің есімі көрсетіледі»,
деп хабарлады Мәдениет министрлігі.
Фото: Unsplash